Жезқазған-Қызылорда автожолында көлік қатынасы қиындады
Күн райының күрт жылынуы салдарынан Жезқазған-Қызылорда автожолында көлік қатынасы қиындады.
Ұлытау облысындағы ведомствоның хабарлауынша, бүгін түске дейін 75 көлік балшықтан шығарылған. Жолда қалған 350 жолаушының 22-сі бала. Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті және «ҚазАвтоЖол» компаниясынан 6 адам мен 2 техника жұмылдырылған. Әкімдік өкілдері Жезқазған-Қызылорда тас жолының Ұлытау облысы аумағындағы бөлігін қайта жөндеу бойынша министрлік тарапынан конкурстық рәсімдер өтіп жатқанын, жаңғырту жұмыстары биыл басталатынын хабарлады.