Қостанай облысының Октябрь кентінде дәрігерлік амбулатория ашылды

Қостанай облысында алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында бірнеше жоба қолға алынды.

Соның аясында ауыл-аудандарда фельшерлі-акушерлік және амбулаториялық нысандар, жаңадан салынып жатыр. Наурыз мейрамы қарсаңында осындай 4 нысан ел игілігіне берілді. Оның бірі - Октябрь ауылында ашылды.

Октябрь ауылында 2 жарым мыңдай тұрғын бар. Олар 20 жылдан бері медициналық қызмет алу үшін тар әрі ескі нысанға келіп жүрді. Енді жаңасы пайдалануға берілді.

Рәзиля Кемелова, Октябрь ауылының тұрғыны:

- Наурыз мерекесі қарсаңында біздің аулымызда жаңа амбулатория ашылғанына біз өте қуанштымыз. Өйткені бұрын біздің ескі амбулатоияда жағдай онша болмаған. Екінші қабатқа көтерілу қиындық туғызатын. Бөлмелері кішкентай болатын. Анализдерімізді аудан орталығына барып тапсыру керек болатын. 

25 адамға арналған медициналық нысанды салып, заманауи құрал жабдықпен қамтуға республикалық бюджеттен 500 миллион теңге жұмсалған. Қазір мұнда УЗИ, зертхана, тіс дәрігеріне арналған кабинеттері бар. Науқастарды екі жалпы тәжірибе дәрігері, акушер, фельдшерлер қарайды. Маман тапшлығы мәселесі де мемлекеттік бағдарламалар аясында шешілген.

Гүлбану Аршабай, жалпы тәжірибелік дәрігер:

- Шымкент қаласынан 2023 жылы тамыз айында қоныс аудардық. Отүстіктен Солтүстікке келгенде барлық әлеуметтік көмектер қарастырылды. аудандық аурухана атынан өзіндік қосалқы ақша төленді. Ауылдық әкімдіктен бізге пәтермен қамтамасыз етілді.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Президенттің тапсырмасына сай ауылдық жерлердегі медицина саласын дамыту жөнінде біраз объектілер салынып жатыр. Тек Қостанай облысының өзінде 25 объект салынатын болады. Төртеуінің құрылысы толығымен аяқталды.

Облыс әкімдігі келер жылдың соңына дейін өңірде осындай тағы 21 медициналық нысанның құрылысын аяқтап, ел игілігіне беруді жоспарлап отыр. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Наталья Строкова, Сергей Трахтенберг