Мемлекет басшысының атына құттықтаулар келіп түсті
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Жүрекжарды лебіздерін жолдағандар арасында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ Президенті Джозеф Байден, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиëев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен өзге де алыс жағын елдердің басшылары бар. Ақжарма тілектер әлі де келіп жатыр.