Қиындықты ел болып еңсереміз
Батыс Қазақстан облысында шағын өзендер арнасына түсе бастады.
Алайда Жайықтан қауіп бар. Тасқынның алдын алу үшін 24 елді мекенде бөгеттер биіктетіліп жатыр. Депутат Абзал Құспан Оралдағы дайындық жұмыстарымен танысты. Бірнеше күннен бері елде жүрген мәжілісмен төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету үшін заңға қандай өзгерістер енгізу керектігін зерттепті. «Мемлекет басшысының үндеуінде айтылғандай, осы жолғы тасқыннан сабақ алуымыз керек», - дейді ол.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Президент үндеуіне қосыла отырып, барлығымыз Президент жанынан табылайық, қолдайық дегім келеді. Қазіргі таңда барлық жұмыстар күн демей, түн демей жүріп жатыр. Ел басына күн туса етігімен су кешер дейді, сондай сын сағат туды. Тек қана бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігу арқылы ғана үлкен апатты жеңе аламыз.