Қостанай облысында 4067 адам эвакуацияланды
Тасқынмен күрес шаралары Қостанай облысында да жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Өткен тәулікте 4067 адам құтқарылған, мыңнан астамы – бала. Әсіресе Қостанай қаласы мен Қарабалық, Әулиекөл, Қарасу, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында жағдай тұрақсыз. Уақытша орналастыру пунктеріне 647 адам жеткізілген. Қазір Тобыл өзенінен қауіп төніп тұрған 7-ші саяжай қоғамы тұрғындарын ақпараттандыру шаралары жүріп жатыр. Облыстық және республикалық штабта сенім телефоны іске қосылды.