Құлсарылық оқушылар жаға бекіту жұмыстарына қосылды
Құлсары қаласының тұрғындары да су басудың алдын алуға атсалысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
4А ықшамауданында жүріп жатқан жаға бекіту жұмыстарына 100-ге жуық азамат жұмылдырылған. Асарласуға оқушылар да қосылыпты. 12 жасар Бексұлтан мен Дархан таңертеңнен бері үлкендермен бірге күрек ұстап, жаға басында жүр.
Бексұлтан, оқушы:
- Қапшықтарға күрекпен салып, үлкендерге көмектестік. Себебі Қамыскөлге құю керек. Басқа жаққа асып кетпеу керек.
Дархан, оқушы:
- 4А микрорайонына су кіріп кетпесін деп осының бәрін істеп жатырмыз.