Тасқыннан зардап шеккендерге жатақханалар дайын
Су басқан өңірлердегі жоғары оқу орындарындағы жағдай тұрақты.
Су тасқынынан оқу ғимараттары мен жатақханалар зардап шеккен жоқ. Маңғыстау облысы Шахмардан Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінде Құлсары қаласының эвакуацияланған тұрғындары үшін 200 орын дайындады. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Рудный индустриалды университеті және Батыс Қазақстан облысындағы Жәңгір хан жоғары оқу орындары зардап шеккен тұрғындар үшін 100-ден 750-ге дейін орын беруге бекініп отыр. Сонымен қатар, оқытушылар мен университет студенттері еріктілер қатарына қосылып, табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуде.