13 автомобиль жолында қозғалыс шектелді
![13 автомобиль жолында қозғалыс шектелді](/media/k2/items/cache/42d31cd49c8f5005ed937498d5f47822_XL.jpg?t=20240412_074702)
Қазір 6 облыстағы республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолында көлік қозғалысы шектелді.
Қардың тез еруі салдарынан 4 облыстағы 7 жолды су шайып кеткен. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми өкілі осылай дейді. Сәкен Ділдахметтің айтуынша, жолдарды қалыпқа келтіру үшін 450 техника мен 850-ден астам маман жұмылдырылған. Сондай-ақ Ұлттық компания қажет болған жағдайда апатты аймақтарға резервтегі қосымша техниканы жөнелтуге әзір.
Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ресми өкілі:
- Компания жергілікті атқарушы орган өтінімдері бойынша БҚ және Атырау облыстарына қосымша арнайы техникаларды жұмылдырды. Қазіргі таңда БҚО-ның Бөрлі және Теректі аудандарында 33 бірлік техника жіберілді. Сонымен қатар резервте кез келген уақытта қолдау көрсетуге қосымша 74 бірлік техника дайын тұр.