Петропавлда ауызсу беріле бастады
Петропавлда халықты ауызсумен қамтамасыз етудің баламалы көзі іске қосылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жүйедегі қысым біртіндеп көтеріліп келеді. Қажетті деңгейге жеткен кезде су барлық үйге беріледі, – деп хабарлады жергілікті әкімдік. Тұрғындарды тіршілік нәрімен уақытша қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру станциялары мен 2 техникасы жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, қаладағы тасқын салдарынан жергілікті сорғы станциясында электр қуаты сөніп, электрмен қамтамасыз етуші 5 темірбетонды баған бүлінген болатын.