Петропавл ауызсумен қамтамасыз етілді
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қаладағы сорғы станциясын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.
«Түнгі 12:00-ден кейін қаланың барлық ауданына, су келе бастады. Резервтік көЗде жеткілікті көЛемде су жиналып, іске қосылды. Тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үздіксіз болады. Оның сапасы қалыпты межеде», - деді Роман Скляр. Ол жұмыстың тәулік бойы жүргізілетінін атап өтті. Бірінші вице-премьер Петропавл қаласының Под-гора ықшам ауданындағы құтқару жұмыстарының барысын тексерді. Су басқан жерлерден дрон көмегімен 48 адам эвакуацияланған. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарына ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды. Нәтижесінде 59 адам табылған, алайда олардың 11-і, үйінен кетуден бас тартқан. Бірінші вице-премьер оларды дереу эвакуациялауды тапсырды.