Петропавлдағы 3 шағын ауданды су басты
Петропавл қаласында жағдай әлі күрделі.
«Қазір облыс орталығының үш шағын ауданындағы мыңнан астам үй су астында қалды. Олардан 4 552 адам эвакуацияланды. Оның 957-і бала. Өңірдегі жағдай толық бақылауда», - дейді жауаптылар. Апатты жою бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жергілікті билік өкілдері су тасқынының қауіпті кезеңі алда дейді.
Марат Жұмалиев, қалалық полиция басқармасының бастығы:
- Қазір бізде жолдың бірнеше участкесінен су өтті. Байқап тұрғандарыңыздай Подгора ауданындағы бассейн суға лық толы. Заречный және Хромзаводқа қарай көлік қатынасы жоқ. Бұл бағытта жол жабық.