Сергеев су қоймасы көтерілді
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасы тағы көтерілді.
Қазір бөгет үстімен асып жатқан ағыстың деңгейі 2 метр 81 сантиметрге жетті. Енді онсыз да ернеуінен шыққан Есіл қайта тасуы мүмкін. Ал өзеннің қала маңындағы арнасы біртіндеп төмендеп келеді. Қазір Петропавл мен Бескөл ауылы арасындағы су едәуір тартылып, көлік қатынасы жанданды. Жалпы, бүгінгі күні облыс бойынша үш жарым мыңға жуық үй суда тұр. Табиғи апттан зардап шеккен адамдар эвакуациялық пунктерге жайғастырылған. Оларға гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.
Кирил Иванников, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:
- Сергеев су қоймасы екінші рет шарықтау шегіне жеткеннен кейін Есіл өзенінің ағысы 7-10 күнде Қызылжар ауданы мен Петропавлға жетеді. Бірақ қазіргідей алапат болмайды.