Қостанай облысында жарты миллион гектардан астам жерді шегіртке «жаулауы» мүмкін
Қостанай облысында 776 мың гектар алқапта үйірлі шегіртке қаптауы мүмкін.
Мамандар осындай болжам жасады. Бұл былтырғыдан екі есе көп. Өңірде зиянкестің ошақтарын анықтап, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Шамамен 40 мың гектар жерді қамту көзделіп отыр. Ғалымдар шегірткенің 11-12 жылда осылай көбейетінін айтады. Сол айналма кезең биылғы жылға келіп тұр. Одан бөлек, ғаламдық жылыну салдары тағы бар. Қазір алқаптарды химиялық өңдеуге дайындық жүріп жатыр. Шегіртке миграциясына жол бермеу жөнінде шекаралас өңірлермен келісім жасалап, іс-шара жоспары бекітілген. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді.
Тілек Төлебаев, облыстық аумақтық инспекцияның бөлім басшысы:
- Ел қазынасынан барлық облыстарға шегірткеге қарсы күреске 8,1 миллиард тенге бөлінді. Бұл қаржы қажетті көлемде химикаттар алуға, өңдеу жұмыстарын жүргізуге жеткілікті. Қазіргі кезде пестицидті жеткізу және химиялық өңдеу қызметін көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы аяқталуға таяу.