Гидронысандарға бөлінген қаржы ұрланған
Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында гидронысандарды күтіп-ұстауға бөлінген қаржыны жымқырмақ болғандар ұсталды.
Аталған факті бойынша 5 адам күдікке ілініп отыр. Мемлекетке келген шығын көлемі 1 млрд теңгеден асады. Президент тапсырмасымен Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер мен қоғамдық қорлар тасқын салдарын жоюға 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов бұл соманың әр тиыны қатаң бақылауда болатынын айтты. Апат аймақтарында бағаның өсуіне жол бермеу тапсырылды. Ол үшін азық-түлік, ауызсу, дәрі-дәрмек және басқа да қажет заттардың құнына күнделікті мониторинг жүргізіледі.