Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 14 адам сотталды
Оңай олжаға кенелгісі келетіндер айылын тыяр емес.
Алматыда былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойыша 18 қылмыстық іс қозғалып, 14 адам сотталған. Бұл туралы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері айтты. Жүздеген монитор мен процессор тәркіленіп, 1500 терминал жойылды. Күдікті сайттардың сілтемесі бұғатталды. Десе де лудоманияға шалдыққандардың да, оған қызықтырып тартатындардың да саны азаймай тұр. Тіпті әлеуметтік желінің көмегімен арам пиғылдарын іске асырып жатыр. Осындай деректерді тексеру барысында бірнеше адамның 4 ай бойы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық пайда тапқаны дәлелденді. Экономикалық тергеу департаменті кәсіпкерлер мен қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдерін, блогерлер мен журналистерді заңсыз ойын бизнесімен күреске қосылуға шақырады.
Жақсылық Мырзахан, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметкері:
- Ең бірінші Жастар саясатымен бірлесе мынау әрбір 8 ауданда орналасқан коммюнити центрлерде бізде кездесулер ұйымдастырылады. +++Ең бірінші осы комьюнити центрдің қызметкерлері, яғни Алматы қаласында осындай лудоманияға қарсы көмекке қол ұшын созатын мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары бар екенін біліп, яғни кеңестерін беріп отыруды біз жеткізгіміз келеді.