Атырау облысында 550 шаруаның несиесі кейінге шегеріледі

Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен 2 аудан шаруаларының несиелері кейінге шегіріледі.

Бүгінде Жылыойда 108, Қызылқоға ауданында 453 тұлғаның берешегін 2-3 жылға бөліп төлеу үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, биыл төленуі тиіс несиенің  мерзімін 2025 жылдан бастап теңдей бөліп төлеуге мүмкіндік берілмек. Алыс ауылдарда тұратын шаруалар мерзімінен кешігіп, құжаттарын уақытылы тапсыра алмаса, олардың несие сомаларына айыппұл мен өсімпұлдар есептелмейді.

Гүлзада Шалағұлова, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының директоры:

- Қазір біз оңайлатылған тәртіппен қарап жаптырмыз. Несие алушының арызы, қайта құрылымдау немесе, несие мерзімін созуға. Сосын жергілікті атқарушы органнан тізімдер болуы керек, зардап шеккендігі жөнінде. Осы 2 құжатпен әрі кеткенде 3 күннің ішінде біз мақұлдау шарасын алып жатырмыз. Қазір 2 адамның арызын мақұлдадық.