Түркістан облысында 18 мың гектар жер қайтарылады
Түркістан облысында жекеменшікке жалға берілген 18 мың гектар жер мақсатты игерілмеген.
Келес ауданының прокурорлары тұрғындардың арызына сүйене отырып, бірқатар заңсыздықты әшкереледі. 12 шаруа қожалығы мыңдаған гектар жерді пайдаланбай бос қалдырған. Ал мал басын өсіргендер тиісті тіркеу жүргізбей бірқатар талапты бұзғаны белгілі болды. Өз кезегінде Бірлік, Жаңа-тіршілік, Мәдениет ауылдарында жайылымдық жер тапшы. Құзырлы орган өкілдерінің араласуымен 16 мың гектар жерді мемлекетке қайтару туралы қаулы шықты. Тағы 2 мың гектар жердің иесі өз еркімен қайтарды.
Нұрлан Ешенқұлов, Келес ауданының прокуроры:
- Сол елді мекеннің өзінде халықта жайылым жер жоқ. Бірақ басқа жақтан келіп, мыңдап, екі мыңдап гектар жер алып, мүлде пайдаланбай жатқан оқиғаларды анықтап отырмыз. Талдау қорытындысымен біз ұсыныс беріп отырмыз жерді қайтару жөнінде. Ол бойынша аудан әкімінің қаулысы шықты 16 мың гектарға. Әрі қарай тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.