Субсидия қаржысын алаяқтар қалтаға басқан

Жамбыл облысында субсидияға бөлінген 100 миллион теңгеден астам қаржыны алаяқтар қалтаға басқан.

"Екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында екі адам 108 қожалыққа техника алып береміз деп, шаруалардың жеке бас құжатын жинап алған. Сөйтіп техниканың бағасын бірнеше есе қымбат көрсетіп мемлекеттік порталға 604 миилион теңгеге өтінім берген. Ал агроөнеркәсіпті дамытуға арналған бағдарлама бойынша сұралған қаржының 25 процентін мемлекет төлеп береді. Осылайша қылмыскерлер 151 миллион теңгенің тек 45 миллионына техника алып, қалғанын қолды қылған", - дейді мамандар.

Нариман Торабеков, облыс прокурорының аға көмекшісі: 

- Мемлекетке 105 млн теңге шығын келтіріп отыр. Қылмыстық кодекстің 190 бабы, 4-ші бөлігі, 2-ші тармағына сәйкес екі тұлғаға қатысты 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.