Тараптар татуласуына байланысты 70 мың іс тоқтатылған

Өткен жылы сот саласында 70 мың іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.

Биылғы 3 айдың өзінде 20 мыңға жуық дауға нүкте қойылды. Яғни судьялар араздасқандардың арасында бітімгершілік жасап, түйіткілді түйіндердің шешімін соттасуға дейін жеткізбей тапқан. Оның ішінде 8 300 бітімгершілік, 63 мың  медиативтік, 236 партисипативтік келісімге келгендер бар. Осы жолы да жоғары сотта вагондарды жалдауға шарт жасасып, кейін келісімге келе алмағандардың мәселесі мадиациялық жолмен шешілді.

Ботагөз Ералиева, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:

- Осы іс бойынша бірінші және екінші соттарда жақтар келісімге келмеген. Ал енді жоғары сотта қараған кезде келісім жасауға болады деген олардың құқығын түсіндірген кезде жақтар қарсы шықпады. Біз ойланайық деп бізден уақыт беруін сұрады. Сонымен біз екі жетідей уақыт бердік. Соның нәтижесінде бүгінгі күні медиативті келісім шарты жасалып, жақтардың арасында бекітуді сұрады.