Белгілі өлкетанушы Б. Ерсәлімов дүниеден озды
Белгілі өлкетанушы, журналист, Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды 24KZ.
1938 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген ол Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын кеңінен насихаттаған. 1992 жылы «Абай» журналының қайта басылып шығуына үлес қосып, ағартушы қорының ашылуына ықпал еткендердің бірі. Балтабек Ерсәлімов Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Еңбек ардагері» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері, Семей қаласы мен Абай ауданының «құрметті азаматы» болды.