Ардагерлер Р.Қошқарбаев атындағы «Айбын» орденімен марапатталды
Ұлы Отан соғысы ардагерлері Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Жоғары марапатты майдангерлерге елорда әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті. Жеңіс күні қарсаңында шаһар басшысы қариялардың шаңырағына арнайы барып, жеке тілдесті. Қазір Астанада 7 соғыс ардагері мен 1345 тыл еңбеккері тұрады. Соның бірі Раиса Сафоничева. Жасы жүзге таяған қарт майдангер көрсетілген құрметке алғыс білдіріп, елімізге бірлік пен бейбіт өмір тіледі. Жеңіс күні қарсаңында елордалық қарттар үйінде Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған мерекелік концерт өтті.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- Биыл да ерекше тойлап жатырмыз бұл даталарды. Ардагерлерді Президенттің атынан марапаттап, ордендерін беріп жатырмыз. Сыйақы бар, басқасы бар. Жыл сайын осындай жұмыстар тек осы мамыр күндері емес, жалпы күнделікті бақылауда.