Үйлері су астында қалған 130 отбасы баспаналы болды

Тасқын судан зардап шеккен 20 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды 24KZ.

Бюджеттен 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Үйлері судың астында қалған 130 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды. Қазір Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында қосымша 239 үйдің құрылысы жүріп жатыр. 568 отбасыға пәтерлерін қалыпқа келтіруге 710 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Залалды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынды.