Шымкент тұрғындары Петропавлға 45 миллион теңге жинап берді

Шымкент тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен петропавлдықтарға 45 миллион теңге жинап берді.

Бұған әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері бастамашы болды. Қайырымдылық бағытта жиналған қаражатқа азық-түлік, киім-кешек пен көрпе-жастық алынды. 20 тонна гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі бүгін облыс орталығына жетті. Сонымен қатар 10 миллион теңге түлектердің оқу ақысына жұмсалады.

Айнұр Жүгінісова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

- Тағы да 10 миллионға біздің педагогикалық институтқа грант бөлінді. Бұл да ұлт үшін жасалып жатқан үлкен көмек. Өсер ел ұлтының мәдениеті мен білімін көтереді дейді. Білімді жастарымыз көп. Бұл қиындықтың бәрі уақытша ғой. Бірлікте өтеміз деген ниеттеміз. Бізді қолдап жатқан кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін.