Жемқорлықпен күресте жасанды интеллект қолданылуы мүмкін

Қазақстанда жемқорлықпен күрес жүргізуге жасанды интеллект қолданылуы мүмкін.

Бұл бағытта Қытайдың тәжірибесі қарастырылып жатыр. Сала мамандары Гонконг қаласында жемқорлыққа қарсы халықаралық симпозиумға қатысып, бірқатар уағдаластыққа қол жеткізді. Іс-шара аясында Қазақстан мен Гонконгтың тәуелсіз комиссиясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея елдерімен де келісім жасалды. Осымен қатар активтерді қайтару, ақпарат алмасу, бірлесіп әрекет ету бойынша тәжірибе алмасты.

Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Бізді мемлекеттік сатып алу саласын бақылау тәжірибесі қызықтырып отыр. Әсіресе құрылысқа бөлінген қаржыны игеруді қадағалаудың тиімді тәсілдері. Сонымен қатар заманауи технология жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесін игеру керек. Жасалған келісімдерден кейін әріпестігіміз одан әрі нығая түседі деп сенеміз.