БҚО-да тасқын салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқаушылар Орал қаласының бау-бақша бірлестіктері мен шағынаудандары маңында су соруға жұмылдырылған, деп хабарлайды 24KZ.

Тәулік ішінде 125 мың текше метр су сорылды. Сондай-ақ су басқан аймақтарды патрульдеу жалғасып жатыр.