ШҚО-да күшейтілген сейсмикалық жаттығу өтті
![ШҚО-да күшейтілген сейсмикалық жаттығу өтті](/media/k2/items/cache/675d18c41cd66f94f237d5a21f07a5e4_XL.jpg?t=20240527_103626)
Шығыс Қазақстан облысында күшейтілген сейсмикалық жаттығу өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Оқу-жаттығу кезінде тұрғындарды эвакуациялауға арналған техникалардың төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды. Құтқарушылар пандустардың жағдайын да тексерді. Соңғы 10 жылда облыста 20-дан астам жер сілкінісі тіркелген. ТЖМ мәліметі бойынша еліміздің бірнеше өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр. Ал, бұл аумақта 7 миллионнан астам адам тұрады.
Амангелді Еңсегенов, қалалық ТЖБ бастығы:
- Бұл енді денсаулық сақтау мекемелерінде, білім беру және өнеркәсіп мекемелерінде өтуде. Сейсможаттығу дегеніміз – адамдардың осы жер сілкінісі кезінде өздерінің не істеу керектігін білуге арналған жаттығулар. Адамдарда жер сілкінісі кезінде 10-15 секундтай уақыттары болады.