Жамбыл облысында биыл тоғыз мектеп салынады
Биыл Жамбыл облысында 5 мың орындық 9 мектеп салынады, деп хабарлайды 24kz.
Оның бесеуі аудандарда болса, қалғаны Тараз қаласында бой көтеруде. Сондай-ақ орын тапшылығы бар ағарту ошақтарына жапсарлас ғимараттар да салынады. Солардың бірі №15 мектеп-гимназиясында. Шағын білім ордасында 800-ге жуық оқушы оқиды. Мәселені шешу үшін облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлініп, 300 орындық нысан құрылысы басталды. Аймаққа келген Мәжіліс депутаттары құрылыс барысымен танысты. Жалпы биыл облыста 80 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған. Басым бөлігінде жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Дегенмен, жоспардан кешігіп жатқандары да бар.
Мұқаш Ескендіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 20 миллиард теңгенің көлеміндегі мынау су, мектеп салу акушерлік пунктер салу барлық жұмыстар тоқтатылып тұр. Ол қаражаттың барлығы биылға бөлінген. Осы облыстың басшыларымен бірге менің әріптестерім, депутаттар барлығымыз жүргіріп, осы облыстағы мәселелерді шешуге қаржы бөлген. Ал енді солардың барлығы бүгін игеріліп жатқаны мынау көңілді толтырмайды.