Мопед тізгіндегендер арасында ажал құшу дерегі артты

Мопед – ірі қалаларда кептелістен құтқаратын көлік.

Алайда оны тізгіндегендер көбіне жылдамдықты арттырып, бағдаршамға бағынбайды. Кейде тіпті қарсы бағытқа шығып кетеді. Мәселен, биыл мопед мінген 500-ден астам адам жол апатына ұшырап, салдарынан 27 тұрғын қайтыс болған. 31 мың азамат небәрі жарты жылда жол ережесін бұзып отыр. Ал былтыр қос дөңгелектіні басқарғандардың қатысуымен 750 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 39 адам көз жұмыпты. Статистика көңіл көншітпейді.

Еске салсақ, мопедтерді мемлекеттік тіркеуге алу туралы заңның жобасы Мәжілісте қаралып, Сенатқа өткен еді. Құжат күзде қаралып, қайта талқылануы мүмкін. Онда азаматтарға тиісті санаттағы жүргізуші куәлігін беру мәселесі де пысықталуы ықтимал.