Атырау қаласының іргесіндегі қоқыс полигоны өз жұмысын тоқтатады
![Атырау қаласының іргесіндегі қоқыс полигоны өз жұмысын тоқтатады](/media/k2/items/cache/3abadeb16a5136ecdd5a76400c1ed828_XL.jpg?t=20241004_103453)
Атыраулықтардың бас ауруына айналған қоқыс полигоны жұмысын тоқтатады.
Оны рекультивациялауға 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қала іргесіндегі алаң жарты ғасыр бойы қолданыста болған. Ауданы 35 гектар аумақта қазір 3 млн тоннадай қоқыс шашылып жатыр. Бұған дейін экологтар мен белсенділер бірнеше рет дабыл қағып, жергілікті биліктен лас аумақты қалпына келтіруді талап еткен.
Ғасырбек Төлеген, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Жалпы осы рекультивация жұмыстарына 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Өйткені рекультивация жұмыстары 7 жылға созылады деп жоспарланған. Ол жердегі қоқыс полигоны өткен ғасырдың 70-ші жылдары қолданысқа енгізілген. Жұмыс ауқымы кең болуына байланысты осындай жылға созылады.