Алматыда дауыс беру орындарында Exit poll өкілдері сауалнама жүргізуде
![Алматыда дауыс беру орындарында Exit poll өкілдері сауалнама жүргізуде](/media/k2/items/cache/173a3decd9c23806006d78e87b88abdb_XL.jpg)
Алматыда референдум учаскелерінде комиссия мүшелері мен байқаушылардан бөлек, Кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының қызметкерлері exit-poll жүргізіп жатыр.
Сауалнама дауыс берушілер арасында өтеді. Бұл үшін бірнеше учаске таңдалған. Институт мамандары референдум басталғаннан, кешкі сағат 20:00-ге дейін, яғни дауыс беру аяқталғанша жұмыс істейді.