Қарағанды облысындағы өрт оқшауланды

Қарағанды облысындағы табиғи өрт оқшауланды.

Қазір тілсіз жаудың ауданы анықталуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Айта кетейік кеше Арқа өңірі, Қарағанды мен Павлодар облыстарында алапат өрт тұтанып, даланы көк түтін басқан болатын. Жалынды сөндіруге Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдары, Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылған. Күш 4 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Бұдан бөлек Ұлттық Ұлан, Кувский орманшылығы, ақмолалық құтқарушылар мен әскери бөлімдер де көмекке келген.