Қызылжар өңірінде 5,6 млн тонна астық жиналды

Солтүстік қазақстандық диқандар 5,7 млн тонна астық жинады.

Бұл жалпы көлемнің 95 пайызына тең. Күзгі дала жұмыстарына Үкіметтен арзандатылған 59 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Сонымен қатар егінді кептіріп сақтауға элеваторларға да көмек көрсетілді. Енді шаруалар майлы дақылдар жинауға кіріседі. 

Жалғас Сүлейменов, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыс бойынша 46 элеватор жұмыс істейді. Одан бөлек кейбір агроқұрылымдардың меншігінде астық қабылдау орны бар. Бәрін санағандағы жалпы сыйымдылық - 6,9 млн тонна.