ШҚО қызметтік иттері 3 мың қылмысты ашты

Шығыс Қазақстан облысында биыл қызметтік иттер 3 мыңнан астам қылмыстың ашылуына үлес қосқан, деп хабарлайды 24KZ. Қылмыстың жартысынан көбі – есірткі тасымалы, қалғаны ұрлық пен басқа да заңбұзушылықтар. Полицейлердің төрт аяқты көмекшілерінің арасында қазақ тілінідегі бұйрықты бұлжытпай орындайтындары да бар.

Қазір кинологтар қызметтік иттерді үйрету әдісін жетілдіріп жатыр. Себебі  қылмыскерлер ізін жасыру үшін түрлі амалға барады. Полицейлер төрт аяқты көмекшілерін лазері бар жабдықтарды анықтауға баули бастады. Өйткені құрамында жарылғыш зат болса, адам өміріне қауіп төндіреді.   

Бельгиялық Логон атты ит қазақ тіліндегі бұйрықты бұлжытпай орындайды. Орысша да түсінеді. Тәжірибелі кинолог Өмірзақ Құсайынов екі жылға жуық Логонды баптап, біліктілігін шыңдап жүр. Жалпы облыс бойынша қазір осындай 41 қызметтік иісшіл иті бар. Полицияның серіктері биылдың өзінде бірнеше ауыр қылмысты әшкерелеген.

Өмірзақ Құсайынов, облыстық Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының бастығы:

- Біздің тәжірбиемізде болған соңғы деректе Қазақстан Республикасының азаматы өзімен бірге есірті затын тасымалдау кезінде қызметтік иттің жұмысына бөгет келтіру үшін пияз, бұрыштың қалдықтарын салып, біздің итке кедергі келтірмекші болды. Бірақ алайда біздің иттер өз жұмысын жақсы атқарып, аталған азамат ұсталып, бөлімшеге жеткізілді.

Қызметтік иттің біраз бөлігі аудандарда қызмет етсе, жартысынан астамы облыс орталығындағы полицейлердің жанында. Жаңадан сапқа қосылған төрт аяқты көмекшілер де алдымен осы жерде жан-жақты үйретіледі. Соңғы уақытта оларға барлық бұйрық мемлекеттік тілде беріледі.

Ал Сармат атты мына ит неміс тіліндегі бұйықтарды орындайды. Жаттықтырушысы да бар тапсырманы немісше беруге тырысады. Өйткені ол – асылтұқымды таза неміс иті. Сармат та өз қызметін жақсы атқарады. Жалпы биыл қызметтік иттердің көмегімен өңірде 3 мың астам қылмыс ашылды.

Авторлары: Абзал Азматұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин.