Қытай тоғыз елмен визасыз режим енгізді
Қытай тағы 9 елдің төлқұжат иелеріне визасыз режим енгізді.
Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Олардың айтуынша, тізімге Хорватия, Болгария, Румыния, Черногория, Солтүстік Македония, Мальта, Эстония, Латвия және Жапония енді. 30 қарашадан бастап осы елдің тұрғындары 30 тәулікке дейін Қытайға визасыз кіріп шыға алады. Сөйтіп, барлығы 38 мемлекет бизнес, туризм, саяхат, транзит бағыты бойынша Қытай еліне құжатсыз өтуге құқылы. Бағдарлама келер жылдың соңына дейін қолжетімді.
Габриела Кошчица, Ideatravel бас директоры:
"Біздің тұтынушыларымыз үшін Қытайға визасыз кіріп-шығу енді жеңілдейтін болды. Бастама аясында Хорватиядан Қытайға барып, бизнесін кеңейтуге мүдделі адамдар қатары артады деп ойлаймын".
Жапония
Томио Като, кәсіпкер:
"Қытайға кіріп-шығу біздің жұрт үшін қиындаған сайын, бұл өзара ынтымақтастығымызға әсер етуі мүмкін. Сол себепті біздер, жапон азаматтары бұл келісім үшін қуаныштымыз".