Солтүстікте 5 мың жұмыс орны ашылады
Солтүстік Қазақстан облысында 5 мың жұмыс орны ашылады. Ол үшін өңір басшылығы 511 млд теңгеге 34 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниетті. Бұл жайлы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхаметов мәлімдеді. Айтуынша, аймақта өнеркәсіп өркен жайып, өңдеу ісі қарқын алған. Сондай-ақ тамақ өнеркәсібі де тұрақты дамып келеді.
Ғауез Нұрмұхаметов, СҚО әкімі:
- Ресейлік ірі кондитерлік компания 37 миллиард теңгеге тәттілер өндірісін ашып жатыр. Бұл 380 тұрақты жұмыс орнын құрады. Сондай-ақ өңірде Орталық Азиядағы ең ірі май сығу зауыты бой көтереді. Жаңа нысан жылына 370 мың тонна майлы дақылдарды өңдеп, 120 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің 80%-і экспортқа жөнелтіледі.