Жамбыл облысында ескрткі қылмысы 15%-ға төмендеді

Жамбыл облысында 11 айда есірткіге қатысты 478 қылмыс тіркелді.

Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 15 пайызға төмен.

Құзырлы орган қызметкерлері биыл қарасора өсетін біраз аумақты анықтап, таралудың алдын алды.

Тараз қаласындағы №25 түзету мекемесінде 800-ге жуық сотталушы жазасын өтеуде. Ал оның 106-сы есірткі қылмысы бойынша сотталған. Солардың бірі 23 жастағы - Нұрасыл. Ол 2 жыл бұрын Алматы қаласындағы медициналық университетте оқыған. Оқу мен пәтер ақысын төлей алмай жүргенде, әлеуметтік желідегі жеңіл ақша табудың жарнамасын көзі шалады. Содан екі ауылдасымен бірге бір аптадай «мефедрон» тасыған. Бірақ сол сәтте-ақ полицияға ұсталып, үшеуі де 10 жылға сотталды. 

Нұрасыл, жазасын өтеуші:

- Оқу қарыздарыңнан құтыласың аз уақытта деген сияқты сөйтіп адамды көрдіру мақсатында негізі жазылған кезде бұлар айтқан ғой үлкен сомма яғни әртүрлі ғой бір неде 100 мың теңге одан да көп беруі мүмкін деген сияқты. Ал біз өзіміз ондай сомма алмадық. Жұмысын істеткізіп ақшасын бермей алдап, мүмкін басқа біреулерді үй ішімен қорқытса біреуді ақшасымен, біреуді денсаулығымен қорқытып сөйтіп істеткізеді. Егер қолынан келмесе небір жағдайларға ұшыратқызады ғой. 

Мамандар есірткі арқылы жеңіл табыс тапқысы келетіндердің артып бара жатқанын айтуда. Мәселен биыл қыркүйекте Шу ауданының мектеп мұғалімі 1 килограмнан аса синтетикалық есірткіні сақтап сатқаны үшін абақтыға қамалды. Прокурорлар, көлеңкелі кәсіптен пайда тауып, кінәсізге жала жабатын полиция қызметкерлерін де анықтаған. 

Мұхамеджан Мансұр, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры:

- 2 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тіркелген. Олар мынау күдіктіні жауаптылықтан босату үшін оның қаражатын иемденген. Осы жылдың екінші жартыжылдығында арандату фактілері бойынша прокуратурамен 6 қылмыстық іс тіркелген. Ол қылмыстық істер полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер. 

Жыл басынан бері аймақта 6 тонна 862 кг есірткі тәркіленіп, жойылды. Оның 95 процентке жуығы марихуана болса, 140 келісі гашиш. Оған қоса героин мен синтетикалық есірткі бар. Сонымен қатар ауқымды қарасора алқабы анықталып, 1тонна 183 кг жойылды. Қылмыстың алдын алу үшін өңірде «үйлестіру кеңесі» жұмыс істеуде. Оның құрамында прокуратура, полиция, төтөнше жағадайлар департаменті мен жергілікті биліктің басшылары бар. 

Мұхамеджан Мансұр, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Есірткісіз болашақ жобасы жүзеге асуда. Тергеу мен жедел іздестіру қызметінің сапасы айтарлықтай жақсарды. Наркошектеу Тараз телеграм-ботының жұмысы жалғасуда. Мысалы 11 айда 2986 сайт бұғатталып, 289 графити жойылған.

Жыл басынан бері өңірде есірткі қылмысына қатысты 38 топ анықталды. 2 фитолаборотория мен тағы бір есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғаса бермек. 

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә