Пойыздарға қосымша вагондар қосылды
Алдағы Тәуелсіздік күні және жаңа жылға қарай жолға шығатындар көп. Осы себепті пойыздарға қосымша вагондар қосылды, деп хабарлайды 24kz.
«Билет бағасы қалыпты болады», - дейді Көлік министрлігі. Қосымша вагондар әртүрлі бағытта қосымша 43 мың жолаушы тасымалдайды.
Атап айтқанда, солтүстік бағытқа 279, батысқа 298, оңтүстікке 96 вагон қосылды. Сонымен бірге Бурабайға Астанадан және Павлодардан қосымша тағы 3 электропойыз қатынайтын болады.