Қысқы дөңгелегі жоқ көлік иелері айыппұл төлейді

Қыста жолда қауіп көбейеді. Боран, көктайғақ, қар әсіресе көлікке қиын.

Ел ішінде жазғы дөңгелегін қысқы сына ауыстырмғандар да табылады. Бұл міндет 1 желтоқсаннан бастап міндеттелген. Ереже бұзғандар 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 18 460 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Жалпы өткен 11 айда 180 мың көлік жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл - техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарған азаматтар. 

Ақтоты Боранова, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:

- Қысқы дөңгелек пен жазғы дөңгелек арасындағы айырмашылық өте үлкен. Яғни жол мен дөңгелек арасындағы ілінісу өте нашар болады жазғы дөңгелекті пайдаланған кезде сол үшін қысқы дөңгелектердің әртүрлі түрлері бар. Соларды қолдану арқылы сәйкесінше, өңірдің ауа райына байланысты немесе өңірдің жолдарына байланысты осы көлік құралдарын міндетті түрде қысқы дөңгелектермен жабдықтау керек.