Ақмола облысында техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары
Ақмола облысында техникалық мамандыққа сұраныс жоғары.
Өйткені өңірде өндіріс ошақтары жыл санап көбейіп келеді. Әсіресе жұмысшы мамандар облыс орталығы мен Степногорск қаласындағы кәсіптік нысандарға қажет. Қазір аймақтағы кадр тапшылығы оң шешіле бастады. Бұл оқу орындары мен ірі кәсіпорындар арасында жасалған арнайы меморандум нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Әсия Айдарханова Степногорск қаласындағы тау-кен техникалық колледжінде білім алады. Төртінші курс студенті «пайдалы қазбаларды байыту» мамандығын таңдаған. Себебі шағын шаһарда алтын өндіретін бірнеше ірі кәсіпорын бар. Сондықтан ол осы мамандық арқылы табысты боларына сенімді.
Әсия Айдарханова, студент:
- Бұл өте маңызды. Өйткені мамандықта жақсы. Бұл мамандықтың болашағы бар. Көптеген сұраныс болады және болашақта жақсы жұмысқа тұруға мүмкіндік болады. Біз екінші курстан бастап практикалық зауыттарға практикаға шақыра бастады. Біз ол жерде жұмыс істей бастадық. Көптеген тәжірибе алдық. Көптеген зауыттарды көрдік.
Қазір тау-кен техникалық колледжінде 11 мамандық бойынша 507 студет оқиды. Оның ішінде 433-і мемлекеттік тапсырыс аясында білім алады. Оқу орнындағы студенттер негізінен тәжірибелік сабақтарды көбірек өтеді. Арнайы мекемелерге барып, білімін жетілдіреді. Кейін сол кәсіпорында қалып, жұмыс істеуге де болады.
Ләззат Қалайдарова, тау-кен техникалық колледж директорының орынбасары:
- Еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау барысында дуалды оқыту жүйесі ықпал етеді. Дуалды оқыту жүйесі барысында білім алушылар өндірістік тәжірибелерін бәрін кәсіпорындарда өткізеді. Колледжіміздің басты 25-тен аса серіктестіктері бар. Қаланың ең ірі кәсіорындарымен келісім шарт жасалған.
Қазір аймақтағы 20 шақты колледжде 7 жарым мыңнан астам студент техникалық мамандықты меңгеріп жүр. Бұдан бөлек, облыс орталығындағы университет бір жарым мың маман даярлайды. Бұл да өз кезегінде өңірдегі кадр тапшылығын шешуге оң ықпал етеді.
Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко