Оқушылар қала әкімінің шыршасына қатысты
Тараздық 150 оқушы қала әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысты.
Мерекелік шараға білім бөліміне қарасты 67 мектептің озат оқушылары пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларда жетістікке жеткен балалар, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасынан шыққан оқушылар шақырту алды. Жаңа жыл кешінде шыршаның шамы салтанатты түрде жағылып, жеткіншектерге арнайы дайындалған мерекелік бағдарлама көрсетілді. Балалардың бәріне тәттілер мен арнайы сыйлық табысталды.
Перизат Панаева, оқушы:
- Аяз ата мен ақшақарлармен ойнадық. Сосын аюлар келді. Жаңа жыл маған қатты ұнады. Достарымды жаңа жылмен құттықтаймын. Жаңа жыл күшті өтті.
Раушан Қожамжарова, Қалалық білім бөлімінің басшысы:
- Өткен жылға қарағанда биыл біз қазақи нақышта қазақи құндылықтарды бағалау үшін оқушыларға соны бойларына сіңдіру үшін қазақи нақыштағы Алдар көсе ертегілеріндегі кейіпкерін қойдық. Одан бөлек оқушыларымыз өздерінің би әлемі, оның барлығы қазақи нақыштағы оюланған киімдермен шықты байқап отырсаңыздар.