Ұшақ апатынан аман қалған 14 жолаушы Бакуге жеткізілді
![Ұшақ апатынан аман қалған 14 жолаушы Бакуге жеткізілді](/media/k2/items/cache/35e19b984d9c7c9cf8be2b288951a76b_XL.jpg)
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған 14 Әзербайжан азаматы, түнде Бакуге жетті.
Бұл жөнінде Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Гейдар Алиев халықаралық әуежайына бірінші рейспен 7 адам барған. Ал екінші рейспен тағы 7 науқас пен ұшақ апатынан қаза тапқан 4 адамның сүйегі жеткізілді.