Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Жаңа жыл қарсаңында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды 24KZ.

Елде бірқатар мерекелік шаралар жоспарланған. Сондықтан орталық алаңдар, саябақтар мен сауда орталықтары және өзге де қоғамдық орындар сақшылардың назарында болады.