Жамбыл облысында құтқарушылар сиырды құдықтан алып шықты
![Жамбыл облысында құтқарушылар сиырды құдықтан алып шықты](/media/k2/items/cache/5612e27e93f0af8906acda6033daa60f_XL.jpg?t=20250112_104906)
Бүгін құтқару қызметіне Сарысу ауданының Жаңатас қаласының тұрғындарынан қоңырау келіп түсті. Құтқарушылар жекеменшік үйдің ауласында ашық құдыққа құлаған сиырды құтқармақ болды.
Жануарды құтқаруға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу шығып, сиырды тез арада құдықтан шығарды. Үйлесімді күш-жігердің арқасында өрт сөндірушілер сиырды аман-есен шығарып, иесіне табыстады.
«Құдықтардың люктерінде қақпақтардың болмауы адамдарға да қауіп төндіреді. Әсіресе ойын кезінде байқамай қалып, ауыр жарақат алатын балалар үшін», – деп атап өтті құтқарушылар.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі