Қызылорда облысында киік аулағандар ұсталды
Қызылорда облысында киік аулаған төрт адам құрықталды, деп хабарлайды 24KZ.
Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті тексеру барысында тіркелмеген қару, жарық түсіргіш құрал, 2 дана рация және арқан жіп тапқан. Ал автокөлік тіркемесінен 19 киіктің өлексесін анықтаған. Қазір аталған факт бойынша тергеу жұмыстары басталды.