Атырау облысында 6,4 млн балық шабағы құтқарылды
![Атырау облысында 6,4 млн балық шабағы құтқарылды](/media/k2/items/cache/0e39b11d87851bd82a0efa373c1996fc_XL.jpg)
Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
17 қаңтардағы жедел мәліметтерге сәйкес құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллионды құрады. Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды. Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқарылған балық түрлері – орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы. Жағдай ерекше бақылауға алынған.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі