Жекеменшік мектептерде 25 мың бала тегін тамақтанады
Биыл жекеменшік мектептерде оқитын 25 мың бала тегін тамақтанады. Бұл осы оқу ошағында білім алатын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға ғана тиесілі. Оған жергілікті бюджеттен 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 1 млн 700 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 162 млрд теңге бөлінді. Ал «Жалпыға міндетті білім беру» қорының есебінен қосымша 22,5 млрд теңге бөлініп, 510 мың бала мектеп керек-жарақтарын алды.