Әскерилер 101 жастағы соғыс ардагерін құттықтады

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев соғыс ардагері Федор Блиновты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды 24KZ. 101 жастағы қарт қан майданды басынан өткеріп, Германияға дейін барған. «Осындай азаматтардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі болу керек», – дейді генерал-майор.

Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыстың куәсі болған 25 ардагер ғана қалған. Оларға тұрақты көмек көрсетіліп, қолдау жасалады. Соғыс ардагері бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадірін бағалауға шақырды.

Федор Блинов, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

- Мен Беларусьтан бастадым. Содан кейін Украинаға бардық, Польшаға, Чехословакия және соңында Германияда жеңіске жеттік. Құттықтап келіп жатса, көңілім көтеріліп қалады. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, бақытты, ұзақ ғұмыр тілеймін.