Таразда дронды басқару бойынша оқу-жаттығу өтті
Таразда қорғаныс күштері, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша оқу-жаттығудан өтті, деп хабарлайды 24KZ. Бір аптаға жоспарланған шара «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында болды.
Әскерилер мен құқық қорғаушылар жауынгерлік дронды басқарудың тың тәсілдері мен түрлі жағдайда әрекет етуді үйренді. Курсты аяқтаған қызметкерлерге сертификат табысталды. Енді олар дронды өз саласында арнайы операция немесе төтенше жағдай кезінде пайдалана алады.
Ерлан Сүйкімбаев, ҚР Әуе қорғаныс күштерінің офицері:
- Бұл дайындықтың біз секілді әскерилерге берері көп. Көптеген тәжірибе алып, жаңа құрылғыларды меңгереміз. Жалпы қазір қорғаныс саласында ұшқышсыз ұшу аппараттарына аса мән беріліп жатыр. Алдағы уақытта біздің бөлім де осы әскери құрылғыларды қолданысқа қоспақ. Сондықтан соңғы технологияны дер кезінде меңгеріп отырумыз қажет.