Бүгін – Ұлттық басылым күні

Бүгін елде баспасөз күні аталып өтеді. Күнтізбеге былтыр енгенімен, осынау күннің тарихтағы орны бар, деп хабарлайды 24kz.

1913 жылы 2 ақпанда Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы «Қазақ» газетінің бірінші алғашқы санын жарыққа шығарды. Қазір елде 4800-ден аса бұқаралық ақпарат құралы бар. Оның 3 мыңға жуығы – мерзімді басылым. Ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдар да халықтың көзіне, құлағына һәм тіліне айналып келеді.