Қызылорда облысында құтқарушылардың дайындығы тексерілді

Қызылорда облысында Сырдария өзенінің 5 шақырымнан астам бөгеті нығайтылды.

29 су басу қаупі бар аумақ бақылауға алынды. Тасқын қауіпі төнген жағдайда 135 мекеменің 410 техникасымен, 1 мың 200-ден астам адам көмекке жұмылдырылады. Жанармай, инертті материалдар жеткілікті. 71 эвакуациялық бекет бар. Аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы облыстық жұмылдыру дайындығына қатысты осылай дейді. Өңірдегі құтқарушылардың да әзірлігі үнемі тексеріліп отырады.

Руслан Қайрақбаев, облыстық ТЖД бастығы:

- Жалпы саптық қарауға 109 адам, 22 техника қатыстырылып отыр. Өздеріңізге белгілі, былтыр 4 өңірде су тасқыны болған жағдайда біздің қызметкерлер көмекке қатысты барып. Саптық қараудың негіздемесі осы алдын ала болатын болжаммен, күш құралдарды нақтылау, әзірлеу.